2014 жылы «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бақылауына өткен шаһарды азат ету операциясы 31 мамырдан бері жүріп жатыр. Содан бері 450-ден астам экстремистің көзі жойылып, «Сирияның демократиялық күштерінің» 89 жауынгері мерт болды.
Қазір сарбаздарға АҚШ-тың 200-ге жуық әскери қызметкері көмектесіп жатыр. Егер Манбидж содырлардан толық азат етілсе, «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» Сириядағы бейресми астанасы Ракканы жабдықтау жолдары бөгелетін болады.