Ұшу-қону жолақтарының біріндегі мәселе шамамен екі сағатқа созылды. Салдарынан рейстер кешігіп жатыр. Бұл жағдай кешке дейін жалғасады деп болжанып отыр.
Анталия, Лиссабон және Родостан Манчестерге ұшатын үш рейс Ливерпуль әуежайына бағытталды. Кейінірек ұшу-қону жолағы қайта пайдалануға берілді. Бірақ оның жұмысындағы кідіріс жалғасты.
Бұл соңғы апталардағы Манчестер әуежайындағы екінші жағдай. 31 тамызда «Дельта Зулу» деп аталатын қиылыста ұшу-қону жолағына әсер ететін шұңқыр пайда болған еді.
Айта кетейік, Ұлыбританияда әуе қозғалысын басқару жүйесіндегі ақаудан 2 мың рейс тоқтатылды.