Манчестер синагогасынадағы шабуыл: кем дегенде екі адам қаза тапты
АСТАНА.KAZINFORM - Манчестер полициясы 2 қазан күні таңертең Хитон-Парк синагогасында болған шабуылдың мән-жайын анықтады, деп хабарлайды Bild.
Шабуылдан екі адам қаза тапты, тағы үшеуінің жағдайы ауыр. Британиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарақат алғандардың арасында күзетші де бар.
Естеріңізге сала кетейік, бейсенбі күні таңертең Манчестерде көлік Хитон Парк синагогасының маңында бір топ адамды қағып кеткен болатын. Одан кейін жүргізуші пышақпен секіріп шығып, қасындағылардың бірін жаралады.
Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушы синагогаға кірмек болған, бірақ оны кіргізбеген. Қарулы полиция қызметкерлері көп ұзамай оқ жаудырып, күдіктіні жаралады.
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер шабуылдың «қауіпті» екенін айтты. Себебі ол еврейлердің ең маңызды мерекесі Йом Кипур күні болды.
Стармер Копенгагендегі ЕО саммиті аяқталмастан қайтып, Лондонда дағдарыс кабинетінің төтенше отырысын өткізді.
Манчестер полициясы Plato хаттамасын енгізді, бұл қару қолданылған лаңкестік шабуылға арналған белгі. Тергеу жалғасып жатыр, ал синагоганың айналасы қоршауға алынды.