«Манчестер Сити» Энцо Фернандесті 146 млн еуроға сатып алды

АСТАНА. KAZINFORM — Аргентиналық жартылай қорғаушы Энцо Фернандестің «Челсиден» «Манчестер Ситиге» ауысуы Англия Премьер-лигасындағы ең қымбат трансферлердің біріне айналды. Келісім құны 146 млн еуро болды, деп хабарлайды Kazinform Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Ryan Pierse / Getty Images

Басылымның мәліметінше, трансфер туралы ақпаратты журналист Фабрицио Романо жариялаған. Фернандестің трансфері 125 млн фунт стерлингке, яғни шамамен 146 млн еуроға бағаланған.

Фернандестің ауысуы Англия Премьер-лигасының рекордын қайталады. 2025 жылы «Ливерпуль» швед шабуылшысы Александер Исак үшін «Ньюкаслға» шамамен 146 млн еуро төлеген еді.

Аргентиналық жартылай қорғаушы «Манчестер Сити» тарихындағы ең қымбат ойыншыға айналды.

Фернандес 2023 жылғы қаңтардан бері «Челси» сапында өнер көрсетіп келді. Ол лондондық клубқа португалиялық «Бенфикадан» ауысқан. 2025/26 маусымында Англия чемпионатында 36 матч өткізіп, 10 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.

Аргентина құрамасы сапында Фернандес 2022 жылы әлем чемпионы атанды. Ал 2026 жылғы әлем чемпионатында Аргентина құрамасы финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды.

Еске салайық, мұның алдында Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 39 жасында ұлттық құрамадан кететінін мәлімдегенін жазған едік.