«Манчестер Сити» АПЛ екінші маусымында барлық клубтарды қатарынан бір реттен жеңіп шығып, ағылшын топ-дивизионының 129 жыл бұрынғы рекордын қайталады. 1888/89 және 1889/90 маусымдарда дәл осыны «Престон» жасаған еді.
«Сити» 95 ұпаймен турнир кестесінде қайта көш бастады және «Ливерпульден» бір ұпай айырмашылықпен жоғары тұр. Командалар бір кездесуден өткізуі керек: соңғы айналымда «Ливерпуль» өз алаңында «Вулверхэмптонмен», ал «Ман Сити» «Брайтонмен» ойнайды.