Зерттеуге сәйкес, «Манчестер Юнайтед» брендінің құны 2005 жылдан 2011 жылға дейін 109% өсіп, 412 млн. фунт стерлингке жетті. Brand Finance бренд құнының өсуін оның иелері - Глейзер отбасының сәтті саясатымен байланыстырады.
2011 жылы клубтың жылдық табысы рекордтық сома 110 млн. фунтке жетті. Клуб әлемге әйгілі брендтермен 20-дан астам шарт жасасты, оның ішінде Nike, Aon, Audi және DHL бар.