«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасы жартылай финалына жолдама алды

Фото: Фото: championat.com

АСТАНА. KAZINFORM — UEFA Еуропа және Конференция лигаларының жартылай финалына шыққан командалар анықталды.

Жанкүйерлер «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Лион» (Франция) ойынына қызығушылық танытты. Алғашқы кездесуде командалар 2:2 есебіне қанағат білдірген еді.
Қарымта кездесуде командалар жарысты жалғастыру мүмкіндігін іздеді. Алдымен ағылшындық клубтан Мануэль Угарте 10, Диогу Дало 45-минутта екі гол соғып, жеңісті жақында түсті.

Десе де екінші кезеңде франциялық команданың белсенділігі байқалды. Олардың қатарынан Корентин Толиссо 71, Николас Тальяфико 78-минутта мергендік танытып, таразы басы теңесті.

Осылайша негізгі кезеңде 2:2 есебі тіркеліп, ойын қосымша кезеңге жалғасты. Ал Райан Шерки 105-минутта «Лионды» алға шығарса, Александр Ляказетт 110-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Ендігі кезекте «Манчестер Юнайтед» қатарынан Бруну Фернандеш 114, Кобби Майну 120, Гарри Магуайр 121-минутта үш гол соғып кетті.

Нәтижесінде англиялық клуб қарсыласынан 5:4 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Команданың алдағы қарсыласы — испаниялық «Атлетик». Аталған клуб ширек финалда Шотландияның «Глазго Рейнджерс» клубын (2:0, 0:0) клубын қапы қалдырып кетті.
Сондай-ақ Англияның «Тоттенхэм Хотспурс» клубы Германияның «Айнтрахтын» (1:0, 1:1), Норвегияның «Бодо-Глимті» Италияның «Лациосын» (2:0, 1:3, пенальтиден 2:3) орта жолда қалдырды.

Енді жартылай финал ойындары 1 және 8 мамыр күндері өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан барлық екі команда анықталды.