«Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» 5 жастағы футболшыға таласады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық «Манчестер Юнайтед» және «Ливерпуль» клубтары «Манчестер Сити» құрамында жаттығып жүрген бес жасар футболшы Льюис Таунcқа таласады. Бұл туралы 25 қаңтарда Manchester Evening News газеті хабарлады.

Таунс - «Манчестер Юнайтед» жанкүйері және осы клубта ойнағысы келеді. Қазір ол баланы «МЮ», «Ливерпуль» және «Эвертон» сынды бірқатар ағылшын командаларының скауттары бақылап отыр.

Қазіргі уақытта Таунс «Манчестер Сити» академиясында жаттығып жүр, онда ол өзінен екі жас үлкен балалармен бірге ойнайды, деп жазды Лента.ру.