«Манчестер Юнайтед» жаттығуға келмеген шабуылшыға 435 мың еуро айыппұл салды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Манчестер Юнайтед» басшылығы команданың бельгиялық шабуылшысы Ромелу Лукакуды жаттығу базасына келмегені үшін жазалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Mirror-ге сілтеме жасап.

4 тамыз күніРомелу 2009-2011 жылы өзі ойнаған «Андерлехта» клубының базасынан көрініпқалды. Келесі күні бельгиялық футболшы «қызыл сойқандардың» жаттығуына келугеміндетті болған. Клуб Лукакадан түсінік беруін талап етті, әзірге жауап ала алған жоқ. Жаза ретінде футболшыға 435 мыңеуро айыппұл салынды. Бұл – осындай тәртіп бұзушылық үшін салынатын ең жоғарымөлшердегі айыппұл.

Соңғы жаңалықтар