Манчестердегі терактіге қатысты ұсталған күдіктілер саны 15 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Манчестер полициясы қалада 22 мамырда болған терактіге қатысты он бесінші күдіктіні ұстады, деп жазады «Хабар 24».

Қолға түскен 19 жастағы жігіттің лаңкестік оқиғаға қатысы болуы мүмкін. Бұл туралы полиция өзінің твиттерінде хабарлайды.

Тәртіп сақшылары жігітті Гортон округінде ұстағанын және оның терактіге қатысы бар болуы мүмкін екенін растады.