Қазақстандықтардың таңданысын тудырған қозының нақты қай жерде, қай уақытта туғаны белгісіз. Белгілісі, бейнежазбадағы көріністе ер азаматтар қазақша сөйлеседі. Соған қарағанда бұл жайт елімізде болуы әбден мүмкін.
Ал Талдықорғанда асыл тұқымды қой өсіретін шаруашылық иесі, ауыл шаруашылығының сарапшысы Алмасбек Садырбаев табиғатта мұндай жайттың болып тұратынын айтты. Оның сөзінше, бұл мутация.
"Эмбрион қойдың жатырында жатқан кезде, оған әсер ететін факторлар болады. Оның себептері, сыртқы атмосфералық температураның күрт төмендеуі, не жоғарылауы. Осындай себептерден ауытқу болады. Немесе енесінің жатырында жатқан кезде соққы тиюі мүмкін", - дейді А. Садырбаев.
Сондай-ақ ол, мұндай төлдердің өсімтал болмайтынын алға тартуда. Демек, біраз уақыттан кейін мал төлі өліп қалады.
Ал аңыздарда бір көзді құбыжықтардың болғаны жиі айтылады. Оларды "Циклоп" деп атаған.
22:08, 17 Мамыр 2017
Маңдайында жалғыз көзі бар қозы туды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Маңдайында жалғыз көзі бар қозы туды. Қазір ерекше жаратылыста туған төл түсірілген видео ватсап желісі арқылы кеңінен таралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.