Естеріңізге сала кетейік, ол 5 желтоқсанда 95 жасында өмірден озған еді.
Манделаның мүрдесі салынған табыт сенбіде оның туған ауылы Кунуға жеткізілді.
Қоштасу рәсімі арнайы құрылған зәулім шатырдың ішінде өтіп жатыр. Бұл шараға 5 мыңға жуық адам келеді деп күтілуде. Алайда бейітке тек 400 адамның ғана баруына рұқсат етілген. Олардың ішінде Манделаның жақын туыстары мен Оңтүстік Африканың қазіргі президенті Джейкоб Зума бар.