Мандоки Қоңыр Иштванның 16 мыңнан астам кітабы Халықаралық Түркі Академиясына тапсырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Халықаралық Түркі Академиясының ұйымдастыруымен «Мандоки Қоңыр Иштван мұрасы: Ұлы далада ұрпақтар үндестігі» атты халықаралық форум өз жұмысын бастайды, деп хабарлады Академияның баспасөз қызметінен.

Мажарстандық түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері Мандоки Қоңыр Иштванның туғанына 70 жыл толуына арналған жиынға 8 елдің белгілі ғалымдары, халықаралық ұйым өкілдері және марқұмның жары Оңайша Мақсұмқызы мен ұлы Атлан қатысады. Шара барысында көрнекті ғалымның 16 мыңнан астам жеке кітап мұрасын академияның кітапханасына тапсыру рәсімі болады.