АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Қытай астанасы - Бейжіңде 2026 жылғы Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін бақ сынайды.
Ерлер құрамасы сапында Диас Жиренбаев, Никита Кривошеев, Олег Мельников пен Артур Смағұлов сынға түседі. Ал мұздағы биден Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова қорғайды.
Қазірге дейін Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина іріктеуден сәтті өтіп Олимпиада ойындарына жолдама алған еді.
Қазақстандық спортшылардың негізгі қарсыластары қатарында Хенгем Ким (Оңтүстік Корея), Франсуа Пито (Франция), Бурак Демирбога (Түркия), Маурицио Зандрон (Австрия), Георгий Рештенко (Чехия), Евгений Пузанов (Беларусь), Донован Каррильо (Мексика), Семен Данильянц (Армения) бар.
Олимпиада жолдамасына үздік бестікке енген спортшылар қол жеткізеді.
Айта кетсек, мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Михаил Шайдоров үздік үштікке кірді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.