Аталмыш турнир барысында 2026 жылғы Олимпиадаға берілетін соңғы жолдамалар сарапқа салынады.
Отандастарымыз екі бағдарламада сынға түседі.
Ерлер арасындағы жекелей сайыста Диас Жиренбаев жолдамаға таласады. Сондай-ақ қосалқы құрамда Никита Кривошеев, Олег Мельников пен Артур Смағұлов бар.
Ал мұздағы биде Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетеді.
Айта кетсек, жекелей жарыста Олимпиада жолдамасын үздік 5 спортшы иеленсе, мұздағы биде 4 жұп жолдама алады.
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу кезеңіне қатысатынын жазған едік.