АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Артур Смағұлов Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан Tallinn Trophy 2026 халықаралық турнирінде еркін бағдарламасын орындады.
Ол еркін бағдарламада 109,51 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады. Қысқа бағдарламаның нәтижесін (61,09 ұпай) қоса есептегенде, отандасымыз 170,60 ұпаймен жарысты 13-орында аяқтады.
Италиялық Габриэле Франджипани (215,19 ұпай) жеңімпаз атанды.
Екінші орынды канадалық Энтони Паради (214,33), ал үшінші орынды оңтүстік кореялық Хенгем Ким (213,24) иеленді.
Еске салайық, бұған дейін Артур Смағұлов Tallinn Trophy 2026 турнирінің қысқа бағдарламасында 11-орын алғанын жазған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.