Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, үздіктер тізімі жаңарғаннан кейін спортшы 13-орыннан 11-орынға көтерілген. Бұған оның жуырда Астанада өткен Денис Тен мемориалындағы жеңісі сеп болды. Алтын жүлде Шайдаровқа 300 ұпай әкелді.
Рейтинг көшін америкалық Илья Малинин бастап тұр. Екінші орынға франциялық Сяо Хим Фа жайғасқан. Үшінші орында Као Миура түйіндеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы Қазақстан командасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Астанада өткен Денис Тен мемориалында топ жарғанын жазған едік.