Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Азия ойындарында төртінші орын алды
17:22, 13 Ақпан 2025
АСТАНА.Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Бұл туралы olympic.kz хабарлады.
Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 125,12 ұпай жинап, жалпы есебі 188,43 ұпай болды.
Алтын медальді оңтүстіккореялық Ким Чхэ Ён жеңіп алды – 219,44. Күміс жүлде жапониялық Каори Сакамотоға бұйырды – 211,90. Қола жүлдені оның командаласы Хана Ёшида иеленді – 205,20.
Қазақстандық София Фарафонова жарысты 10-орынмен аяқтады – 125,27 ұпай.
Осыған дейін Қытайда өтіп жатқае Азия ойындарында хоккейден Қазақстан қыздар құрамасының Қытайды жеңгенін жаздық.