АСТАНА. KAZINFORM — Ертең, 8 қазанда Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы халықаралық турнирі басталады.
Қазақстан атынан жарысқа тоғыз спортшы қатысады.
Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жиренбаев өнер көрсетеді.
Әйелдер арасындағы жекелей сында Софья Самоделкина, Амина Алексеева, Амира Ирматова, Алика Халимова, Зере Сарбалина және Нұрия Сүлеймен бақ сынайды.
Мұздағы биде Қазақстан намысын Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев қорғайды.
Турнир 11 қазанда аяқталады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Батумидегі халықаралық додаға қатысатынын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.