Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Хорватиядағы турнирде 3-орын алды
22:08, 06 Желтоқсан 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Загребте (Хорватия) өткен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды.
Қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз жетінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада бірнеше сатыға жоғары көтерілді.
Самоделкина жалпы есепте 182,63 ұпай жинап, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Америкалық Брэдди Тэннел (194,97) жеңіс тойын тойлады. Ал Финляндия спортшысы Лида Кархунен (187,05) екінші орынға ие болды.
Бұған дейін таэквондошы Батырхан Төлеуғали U21 санатында әлем чемпионы болғанын жазған едік.