Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
14:26, 03 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы алдағы Гран-придің кезеңіне қатысушылар құрамын жариялады. Ол жарыс Жапонияның Осака қаласында өтеді.
Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау бағдарламасында Қазақстан құрамасынан Софья Самоделкина сынға түседі. Ол биыл АҚШ-тағы Норвуд қаласында өткен турнирде екінші орын алған болатын.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарысқа 12 спортшы қатысады. Дода 7-9 қараша аралығында өтеді.
Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жетті.