АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстония астанасы Таллинде мәнерлеп сырғанаудан өтетін «Челленджер» санатындағы Tallinn Trophy-2018 турнирінде қазақстандықтар алғаш рет жұптық сында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, елімізде алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан спорттық жұп жасақталды. Жансая Адыханова мен Әбіш Байқанов спорттық жұп ретінде алғаш рет айдынға шықпақ.
Сондай-ақ, 26 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтетін халықаралық додаға Қазақстан атынан бірнеше спортшы қатысатыны күтілуде. Атап айтар болсақ, әйелдер арасындағы сында Айза Имамбек, ерлер арасындағы бәсекеде Артур Панихин мен Никита Манько бақ сынайды.
Сонымен бірге, 4 желтоқсан күні қазақстандық спортшылар Загребтегі халықаралық турнирге қатысатыны жоспарланған.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.