Сонымен, әлемдік доданы Францияның Монпелье қаласы өткізетін болды
15 маусымда өткен ISU кеңесінде осындай шешім қабылданды. Әлемдік сын 21-27 наурыз аралығында ұйымдастырылмақ.
Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанаудан өтетін ірі жарыстар кестесі де анықталды. 2021 жылғы төрт құрлық чемпионаты Австралияның Сидней қаласында, 8-14 ақпан аралығында өтеді.
2022 жылдың 3-6 наурызы аралығында конькимен жүгіруден әлем чемпионатын Норвегияның Хамар қаласы қабылдайды. Ал сол жылы шорт-тректен әлем чемпионаты Канаданың Монреаль қаласында, 18-20 наурыз аралығында өткізіледі.