Алғашқы екі күн спортшылардың дайындығына арналған. Жарыс 30 наурыз күні бишілердің мұздағы қысқа бағдарламасынан басталады. Қазақстанның намысын 24 жастағы Дарын Жүнісов пен 18 жастағы Анастасия Хромова қорғайды. Жарысты тікелей эфир арқылы Астана уақыты бойынша сағат 20:35-те KazSport телеарнасы көрсетеді.
31 наурыз күні сағат таңғы 4:05-те ерлер арасында қысқа бағдарлама жарыстары өтеді, мұзға Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен шығады. Сол күні сағат 22:00-де әйелдер арасындағы жарыстар басталып, онда Қазақстанның намысын 16 жасар Элизабет Тұрсынбаева қорғамақ.
Еркін бағдарлама:
1 сәуір - 5.20 - Мұздағы би
2 сәуір - 4.35 - Ерлер
3 сәуір - 4.50 - Әйелдер