АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет Қазақстаннан үш спортшы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыған дейін спорттық додалардың төресі саналатын Олимпиада ойындарына спорттың бұл түрінен Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева жолдама жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, Элизабет Тұрсынбаеваның әлем чемпионатындағы көрсеткішінің нәтижесінде Қазақстан тағы бір лицензияға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды.
Енді осы үшінші жолдамаға кім иелік ететіні желтоқсан айының соңында ел біріншілігінде белгілі болады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.