Спорттық шараға Қазақстанның барлық өңірлерінің мәнерлеп сырғанаушылары қатысады деп күтілуде. Қыздар мен бозбалалар арасында жеке сырғанаудан ұйымдастырылатын жарыс бірыңғай республикалық жіктемеге және 2018-19 жылғы маусымға арналған ISU ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Жарыстың жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталатын болады. Шара мақсаты - дене шынықтыруды, спортты және салауатты өмір салтын насихаттау, мәнерлеп сырғанаушылардың спорттық шеберліктерін ұштау, мықты спортшыларды анықтау, жаттықтырушылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру. Ұ
йымдастырушылар - қаланың мәдениет және спорт басқармасы, «Алау» мұз сарайы мен спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы» КММ.