Кітаптың көлемі үлкен әрі төрт жүз бетке жуық. Бұрынғы тәпсірлерден бұл еңбектің бір ерекшелігі - әр бір аятқа жеке-жеке тоқталып, кеңінен түсінік берілген, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметінен.
Тұсаукесер рәсімін жүргізген наиб мүфти Серікбай қажы Ораз осы кітапқа ерекше илтипатын білдіре отырып: «Мұхитдин Исаұлы бауырмыздың «Мәңгі мұғжиза (Құран шапағы) атты мына бірінші кітабы жарық көрді. Бұл Құран - сөзсіз, Мәңгі мұғжиза. Бұл жерде тәпсір мен тәуилдің мағыналарын және көптеген терминдерге анықтамалық беріп, сүрелердің барлығының тарихтарына тоқталған. Құранның аудармасын, тәпсірін жазып жүрген азаматтар бар. Бұл жердегі Мұхаңның ерекшелігі Құранның мұғжизасын басқа бір қырынан әлі де көрінбей жатқан, халыққа жеткізе алмай жатқан жағынан алды деп ойлаймын», - деді.
Бұл Мұхитдин Исаұлының тәпсірге қатысты алғашқы кітабы еді, алда Құранның соңғы парасына дейін талай кітаптар жазылмақ.
Кітапқа зер сала қараған ғұлама мүшелері де еңбекке қызығушылық танытып, әріптесіне Алладан медет тіледі.