Сұхбат барысында қаламгер алдағы уақыттағы өзінің шығармашылық ойларымен бөлісті.
«Қазіргі уақытта күйіп тұрған мәселенің бірі - жер. Жер - қазақтың жаны, бұл мәселеде проблема көп. Соған орай Кенесары ханды және басқа да танымал тұлғаларды қатыстыра отырып пьеса жазу ойымда бар», - деді ол.
Сонымен қатар ол бүгінгі күннің проблемасына роман жазу ойында бар екендігін айтты, ұлттық идеология төңірегінде де өз ойымен бөлісті.
«Ұлттық идеологияның барлығын Президентіміз айтуда. Кеңес өкіметі құлаған кезде ұлттық идеологиямызда бос кеңістік болды. Кеңес идеологиясы құрдымға кетті. Бірақ, идеологиясыз мемлекет болмайды. Идеология - мемлекеттің тіреуі. Идеологияның көкесі Абайдың қара сөздері, Құран сөздері. Мұнан бөлек Президентіміздің «Мәңгілік ел» идеясы да - нағыз идеология. Осы «Мәңгілік ел» идеясы төңірегіне топтассақ, басшы біреу, қалғанымыз тіреу болсақ, біз алмайтын асу, алынбайтын қамал жоқ»,- деді С.Досанов.
Қаламгер сонымен бірге Елбасымыздың «100 нақты қадамын» ұлтты алға жетелейтін идея екендігін баса атап өтті.