«Қасиетті қазақ жерінің біріне аяқ басқан Елбасы біздің мемлекетіміздің болашағы мен бүгінгі жайында ең алдымен жас ұрпаққа келелі ой айтты», - деді халық қалаулысы.
А.Башмаковтың сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысы қозғаған келелі ойлардың барлығы да өзі ұсынған «Мәңгілік ел» тұжырымдасынан шығып жатты.
«Мен бұл идеяны мемлекет құраушы бір этносқа ғана қатысты философия не болмаса идеология ретінде қарастырмаймын. Ол бәрімізге де ортақ. Иә, бұл идеяның түп тамыры қазақ халқының дәстүрі мен тарихынан бастау алатындығы сөзсіз. Бірақ, бұл идеяның аясы өте кең», - деді ол.
Оның атап өтуінше, жүздеген жылдар бойы тарихи Қазақ елімен қабысқан барлық ұлттардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұстанып, дамытуға Қазақстанда барлық жағдай жасалып отыр.
«Сондықтан да осынау «Мәңгілік ел» философиясы барша қазақстандықтарды біріктіруі тиісті», -деді А.Башмаков.