Әлеуметтік желіде 1 желтоқсаннан бастап өңір уақыты елордалық уақытқа ауысады деп хабарлама тарады. Яғни ақтаулықтар Маңғыстау уақыты 1 сағат алға жылжиды деген ақпаратқа сенді. Осыған орай Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша шешім қабылданбағанын мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесіне сәйкес аталған мәселе егжей-тегжейлі зерделеніп, сондай-ақ жұртшылықпен кеңінен талқыланғаннан кейін қабылданады», - деді Ақай Мусалиев.