Маңғыстау атом энергетика комбинатына жаңа басшы тағайындалды

Фото: Фото: voxpopull.kz

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев кәсіпорын ұжымына «МАЭК» ЖШС жаңа басшысы Кеңес Орақовты таныстырды.

Кеңес Орақов еңбек жолын 1989 жылы Қостанай облысының Рудный қаласындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігі» ААҚ-да экскаватор машинисінің көмекшісі болып бастап, одан әрі экономист, жоспарлау-экономика бөлімі бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілді.

Сондай-ақ Рудный, Атырау, Қарағанды, Шымкент, Ақтау қалаларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылық лауазымдарында болды.

2010 жылдан бастап «ҚазАзот» АҚ бас директоры қызметін атқарды.

2019 жылы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. 

Облыс әкімінің орынбасары кәсіпорынның жаңа басшысының алдына өңір тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, алдағы жылу маусымына дайындық, сондай-ақ комбинатты жаңғырту бағдарламасын жалғастыруға қатысты бірқатар нақты міндеттер қойды.