Ол Өзбекстан Республикасы азаматынан жұмысқа орналасуға жәрдемдесу сылтауымен 200 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
«Сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды», — деп жазды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.