АҚТАУ. KAZINFORM - Қайғылы оқиға Қарақия ауданы Құрық ауылынан 5 шақырым жердегі Каспий теңізінде болған.
2022 жылы туған бүлдіршін шомылуға жабдықталмаған аумақта суға батып кетті.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды.
«Алдын-ала болжам бойынша, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған.
Сондықтан мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады», — деп жазды ТЖМ-нан.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.