АСТАНА. KAZINFORM — Маңғыстау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
2026 жылғы 10 қараша сағат 01:00–де «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сай-Өтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау порты» автожолының 332–616-шақырым аралығында (Бейнеу ауылы — Жармыш ауылы) көлік қозғалысы тоқтатылады.
Жолды 10 қараша сағат 09:00–де қайта ашу жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін сейсенбі, 10 қарашада еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауатынын, кей жерлерде жауын-шашын мол түсетінін жазған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.