Маңғыстау облысында 90 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облысының прокуратурасымен жер заңнамасының сақталуына тұрақты негізде талдау жүргізіліп жатыр.
Облыс прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылы қадағалау актілерімен мемлекет меншігіне жалпы аумағы 91 мың гектар, құны 800 млн теңге құрайтын 87 жер учаскесі қайтарылды.
– Жер учаскелерін заңсыз беру және нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау фактілері анықталды. Мысалы, қалалық әкімдікпен «И» ЖШС-не игерілмеген жер учаскесіне теңіз жағалауынан қосымша 0,5 гектар жер бөлінген. Сот шешімімен бұл жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұдан бөлек, Ақтау қаласы аумағында мемлекет меншігіндегі 9 жер учаскесін өз бетінше иелену фактілері анықталып - 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ игерілмегендіктен мемлекетке 83 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер қайтарылды, - деп атап өтті облыстық прокуратура өкілдері.
Анықталғандай, ауыл шаруашылығы жануарларының саны айылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына сәйкес келмеген, яғни жер учаскелерінің іс жүзінде пайдаланылмағанын көрсетті.
Қазіргі кезде бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда құны 2,6 млрд теңге болатын Баспалар үйі мемлекет меншігіне қайтарылған еді.