Маңғыстау облысында киік мүйіздерін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды

Фото: polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері мен «Бүркіт» арнайы бөлімшесі, Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен Бейнеу ауданының Тұрыш ауылындағы бір үйдің ауласынан киікке қатысты заңсыз әрекеттердің дерегін анықтады.

Тінту кезінде Қызыл кітапқа енгізілген 9 киіктің ұшасы, 30 мүйізі, сондай-ақ 16 мм калибрлі оқ-дәрілер мен өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, материалдар СДТБТ-ға енгізілді.

Тәркіленген айғақтар сараптамаға жіберілді.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден кетпеу туралы қолхат алынды.

Айта кетелік Батыс Қазақстанда киік еті қалай сатылып жатқаны туралы жазған едік