ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, көлікті тексеру барысында марихуана салынған екі полимерлі орама және 2 млн теңгеден астам қаражат тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Маңғыстау облысының үш тұрғыны ұсталды. Медициналық куәландыру нәтижесінде олардың барлығының марихуананы қолданғаны расталды.
Сот шешімімен ұсталған үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке арнайы қабылдау орнына қамалды.
Ал аталған көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, Ақтөбеде ер адамды көліктің жүксалғышында күштеп алып жүрген күдікті топ ұсталды.