ТЖМ таратқан мәліметке сүйенсек «Жаңаөзен – Түрікменстан» жолының бойында жүк көліктері қар үйіндісінде қалған. Жүк көліктерінің бірі тіпті күре жолдың бойынан шығып кеткен.
Жүргізушілерге көмекке келген аймақтық құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері дереу жолды тазалап, көліктерді сүйреп, қозғалысты қалпына келтірген. Бұл жұмыстар «ҚазАвтожол» қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген.
ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болуға шақырады.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазғанбыз.