Маңғыстау облысында Жаңаөзеннен Түрікменстан елінің шекарасына дейін апаратын жол жөнделеді

АҚТАУ. KAZINFORM – Жалпы ұзындығы 229 шақырым «Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы1 автожолын жөндеу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл Кендірлі курорттық кентінің және Маңғыстау облысының туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Фото: Көлік министрлігі

Құрылыс жұмысы жоспарымен Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен барған Көлік министрі Марат Қарабаев бөлісті. Қазіргі уақытта бұл жол IV техникалық санатқа жатады. Марат Қарабаев Жаңаөзен қаласынан Түрікменстан шекарасына дейінгі күре жолды көлікпен жүріп өтті. 

Фото: Көлік министрлігі

Мұнда жөндеу жұмыстары аясында жол конструкциясын нығайту және жол жабынын жаңарту көзделген.