Маңғыстау облысындағы колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
23:40, 10 Қаңтар 2025
АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысы прокуратурасы техникалық колледжДің қызметіне тексеріс жүргізді.
Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтердің 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.
Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Айта кетейік, Антикор Қазақстанның туризм саласындағы сыбайлас жемқорлықты тексереді.