Маңғыстау облысының әкімі ұшақ апаты болған жерге барды

Фото: Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

АҚТАУ. KAZINFORMМаңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұшақ апаты болған жерге барды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір басшысы оқиғаның мән-жайын біліп, құтқару жұмыстарының барысымен танысты. 

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар барлық құзырлы органға тиісті тапсырмалар берді және барлық жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында. 

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.

Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды.

Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды.

ҚР Көлік министрлігі мәлім еткендей, Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.