Маңғыстау облысының құтқарушылары өрт кезінде 91 адамды эвакуациялады

Фото: ТЖМ

АҚТАУ. KAZINFORM — ТЖМ баспасөз қызметі Маңғыстау облысының құтқарушылары өрт кезінде 91 адамды эвакуациялағанын мәлімдеді.

- Ақтау қаласында көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде бірінші қабатта орналасқан азық-түлік дүкенінде сөрелердің жануы орын алды.

ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 91 адам, оның ішінде 60 баланы эвакуациялады, - деп жазды ведомстводан.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жатақханада шыққан өртті сөндіруге 15 техника жұмылдырылғанын жазғанбыз.