Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің өтініш негізінде шаруа қожалығына қатысты жоспардан тыс жүргізген. Пайдаланылмаған жер осы тексеру барысында анықталған.
Меншік иесіне жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың бір жыл ішінде орындалмауына байланысты сот шешімімен меншік иесіне әкімшілік айыппұл салынды.
- Департамент жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді. Сот шешімімен департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды, - делінген хабарламада.
Осыған дейін Түркістан облысында 70,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғаны туралы жазған едік.