Маңғыстау облысының табиғи ресурстар басқармасына жаңа басшы келді

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM — Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Әсел Балманова тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әсел Балманова 2009 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экология мамандығы, 2012 жылы Еуразия академиясының құқықтану мамандығы, 2016 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экология-магистрі мамандығы бойынша, 2025 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік басқару» докторантурасын бітірген. Экология магистрі, «Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша экономика докторы ғылыми дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2006-2009 жылдар аралығында № 42 «Ақниет» гимназиясының хатшысы, лаборанты қызметтерінен бастаған.

2009 жылы Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының табиғатты қорғау және мониторинг бөлімінде жастар практикасынан өткен.

2010-2012 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы қызметін атқарды.

2012-2016 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы және осы бөлімнің басшысы қызметтерін атқарды.

2017 жылы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының құқықтық және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2018 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2020ж -2023 ж аралағында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білімін шыңдады.

Осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын жазған едік.