Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстанда өтетін шығармашылық, зияткерлік, спорттық және мәдени-қоғамдық байқауларға қатысуға қаржылық мүмкіндігі жетпейтін дарынды жастарға қаржылық қолдау көрсету.
Жоба аясында 25 жастың шығармашылық конкурсқа, 25 жастың зияткерлік конкурсқа және тағы 25 жастың мәдени-қоғамдық іс-шараға, 25 жастың спорттық іс-шараға қатысуы бойынша жол шығындары өтеледі деп жоспарланған.
Республикалық зияткерлік, шығармашылық жəне спорттық іс шаралар мен байқауларға қатысушы 14-35 жас аралығындағы дарынды жастар грант иегері атана алады.
Жол жүру гранты аясында қатысушының теміржол билеттері (бару жəне келу) брондалып, сатып алу қызметтері жүргізіледі.
Байқау жеңімпаздары арнайы құрылған комиссия шешімі негізінде анықталады.
Ережеге сəйкес, жеке тұлғадан бөлек 1 топтық команда немесе 1 ұйым болған жағдайда, сол ұйымнан немесе командадан 5-тен кем емес адам ғана өтінім бере алады.
Бір адам немесе бір ұйым екі рет өтінім бере алмайды.
Өтінім қабылдау 20 қарашаға дейін жалғасады.
Толық ақпарат мына сілтемеде.