Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы басқармасының Жануарлар дүниесін қорғау қызметінің мәліметінше, 20 қазанда қызметкерлер балық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, жағалаудағы резервтік учаскелерді тексерген.
Тексеру «Өмір глэмпинг» демалыс базасынан бастап Песчаный мүйісіне дейінгі, одан әрі Құрық портына жалғасатын жағалау аумағын қамтыған. Осы учаскеден әртүрлі деңгейде шіріген 173 бекіре тұқымдас балықтың өлексесі табылған.
Бұл туралы ақпарат Қарақия ауданының 102 қызметіне, Маңғыстау облысының экология басқармасына және жергілікті атқарушы органдарға жолданған. Қазір мамандар биологиялық материалдар мен теңіз суынан сынамалар алып жатыр. Сонымен қатар өлген балықтарды жинау, жою жұмыстары жүргізілуде. Бекіре тұқымдас балықтардың қырылу себебі әзірге белгісіз.
Бұған дейін, Маңғыстауда жағалаудан өлі итбалықтар табылған болатын