Нұрбол Телегенов Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2004 жылы «Отан» партиясының Сарыарқа аудандық филиалының меңгерушісі, «Жас Отан» жастар қозғалысының басшысы және «Отан» партиясының орталық аппаратының референт-хатшысы болып бастаған.
2005-2006 жылдар аралығында Республикалық студент жастардың еңбек құрылыс отрядтарының штабының атқарушы директоры, менеджер-заңгері қызметін атқарған.
2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жастар саясаты департаментінің жетекші маманы болды.
2007-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқығын қорғау комитетінің балаларды қамқорлыққа алу және көмек көрсету басқармасының бас маманы, қаржы-экономикалық басқармасының бас сарапшысы, әкімшілік-кадр және құқықтық жұмыс басқармасының сарапшысы және заң департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы қызметтерін атқарған.
2008-2009 жылдары аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымда еңбек етті.
2009 жылы «Қазақстан темір жолы» АҚ персоналды басқару департаментінің менеджері болды.
2010-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарды.
2012-2013 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің бас сарапшысы қызметтерін атқарған.
2013-2014 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің фронт-кеңсе қызметінің басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қоғаммен байланыс жөніндегі ресми өкілі және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі мемлекеттік тілді дамыту секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2014-2019 жылдары Президент Іс Басқармасы ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету секторының бас консультанты қызметін атқарған.
2019-2024 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазірге дейін Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.