АҚТАУ. KAZINFORM — Мағыстау облысы Мұнайлы ауданында аулалардың бірінен мектеп жасындағы бала өлі күйінде табылған. Баланың қайтыс болғанын жедел-жәрдем станциясы растады. Оқиға 1 маусымда болған. Дәрігерлер 2014 жылы туған баланың қайтыс болғанын жеткізді.
Облыстық полиция департаментіне де 1 маусым күні Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылындағы үйлердің бірінде кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.
— Алдын ала деректерге сәйкес, 12 жастағы жасөспірім аулада қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүрген кезде жазатайым оқиғаға ұшырап, өміріне қауіпті жарақат алған. Аталған дерек бойынша адам өлімі фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, — дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ақтауда айлақтағы жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.