Нәтижесінде акуланың тістерін тапты. Ғалымдардың айтуынша, табылған тістер осыдан 30 — 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген ірі жыртқыш балыққа тиесілі болуы мүмкін.
Зерттеу барысында киттің қабырғасы, теңіз жұлдызының қалдықтары мен түрлі моллюскалар да табылған. Ғалымдардың пікірінше, бұлар ежелгі мұхит экожүйесінің іздері.
Зерттеушілердің айтуынша, ерте заманда Маңғыстау аумағы алып Тетис мұхитының бір бөлігі болған. Бүгінде шөлейтті аймақ саналатын өңірдің тереңінде миллион жылдық теңіз тарихы жатыр.
— Бұл бірегей палеонтологиялық олжа — миллиондаған жыл бұрын қазіргі Маңғыстау аумағын алып жатқан көне Тетис мұхитының табиғи тарихынан сыр шертетін аса құнды ғылыми жаңалық. Табылған акула тістері өңірдің геологиялық өткені мен ежелгі теңіз экожүйесінің байлығын дәлелдей отырып, халықаралық ғылыми қауымдастық үшін де ерекше маңызға ие болып отыр, — дейді Швеция ғалымы Штефан Киль.
Бұған дейін, Маңғыстауда Рим дәуірімен байланысты көне қала табылған.