Биыл 536 км электр желісіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда жұмыстар толық көлемде орындалды – 536 км немесе 100%. Сонымен қатар, 2 қосалқы станцияға, сондай-ақ 77 тарату пунктіне, трансформаторлық қосалқы станцияға және кешенді трансформаторлық қосалқы станцияға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын жылыту маусымына дайындау жұмыстары әлі жүріп жатыр. Жылу желілері бойынша биыл 11,4 км желіні жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 8,96 км немесе 78% желі жөнделді. Өңірдегі электр станцияларында 3 қазандық агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта 1 қазандық пен 3 турбинаға жөндеу жүргізіліп жатыр.
-Жөндеу науқанының барысы Энергетика министрлігі Энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің тұрақты бақылауында,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Павлодар облысындағы энергетика нысандары қысқа дайындығы туралы жаздық.